«Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үздік тәжірибе» республикалық семинары
2023 жылғы 19 шілдеде Көкшетау қаласында «Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үздік тәжірибе» республикалық семинары барысында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қ. №19 ЖОББМ инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Ресурстық орталығына шолу жасалынды@spps.19.
Семинарға ҚР Білім министрлігінің, облыстардың (қалалардың, астананың) білім басқармаларының, облыстық әдістемелік орталықтардың өкілдері; инклюзивті практикаларды енгізу бойынша тірек ұйымдардың басшылары; арнайы білім беру ұйымдарының басшылары; Ақмола облысының білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Семинардың мақсаты - Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі қызметінің оң тәжірибесін тарату және алмасу.
Білім Министрлігінің мониторингтік тобы ағымдағы жылдың мамыр айында білім басқармаларының қызметін зерделеу нәтижелері бойынша Ақмола облысының тәжірибесі инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үздік тәжірибе деп танылды, осыған байланысты оны басқа өңірлерге тарату тапсырылды.