«Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды оқытудың ерекшеліктері» семинары

  • 19.07.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 211

2023 жылдың шілденің 19 жұлдызында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Асыл Мирас» аутизмі (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогтері Байзақ ауданының Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінде  «Аутистік спектрдегі бұзылыстары  бар балаларды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді. 
Семинарға Байзақ ауданының мектепке дейінгі мекемелердің арнайы мамандары мен ППТК, ПМПК мекемесінің 48 мамандары қатысты. Семинар барысында ерте жастан анықтау бойынша диагностикалау,  «Ерте жастан қолдау» бағдарламасы бойынша шебер сынып, өмірлік дағдыларды қалыптастыруда ерекше ұсыныстар берілді. 
«Оқу дағдыларын дамыту» бағдарламасының педагогтері өздерінің іс тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, аутизм орталығының жұмыс барысымен таныстырды.