Болашақ тәлімгерлерге арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың бос уақытын ұйымдастыру ерекшеліктері» тренингі
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының ППТК мамандары жыл сайын жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жазғы тәлімгерлік шеберлік мектебі шеңберінде болашақ тәлімгерлер үшін тренингтер өткізеді. Соған байланысты биыл болашақ тәлімгерлерге арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың бос уақытын ұйымдастыру ерекшеліктері» атты тренингі өтіп жатыр.
Тәлімгерлік шеберлік мектебі-23 базасындағы тренингке 17 адам қатысты. Олар болашақта сәбилерге арналған мерекелер ұйымдастыруы үшін бүгінде түзету педагогикасының негіздерінсіз жасай алмайды.
ППТК мамандарының көмегімен болашақ тәлімгерлер маңызды педагогикалық сұрақтарға жауап іздеді:
• Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекенің ерекшеліктері қандай?
• Алдын ала жұмыс қажет пе?
• Тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу кезінде ата-аналармен қалай ынтымақтасуға болады?
• Мүмкіндігі шектеулі балалардың бос уақытын ұйымдастырудағы ойынның рөлі қандай?
Тренинг барысында қатысушылар ППТК қызметімен танысты. Кейбір теориялық негіздер алды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мереке жоспарын әзірледі.
«Ойын – түзету-дамыту жұмысының таңғажайып құралы» практикалық бөлігі ерекше қызығушылық тудырды.
Тренинг қорытындысы бойынша әр қатысушыға сертификат табысталды.