«Тәтті бәліштер күні» іс-шарасы

  • 21.07.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 122

2023 жылы 21 шілде күні жоспарға сәйкес орталықта балаларға арналған «Тәтті бәліштер күні» іс-шарасы өтті. 
 
Мереке – балалардың өмірлерін безендіріп, күнделікті өмірден демалуға мүмкіндік береді. Сол себептен, бұл іс-шара мереке туралы ұғымды қалыптастырып,  балаларға  жарқын әсер қалдыру және көңіл-күйлерін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылары – топ тәрбиешілері.   
 
Дәл осы мереке қарсаңында орталықтың тәрбиеленушісі Славаның туған күні де сәйкес келген екен. Осы сәтте, Славаны бәрі құттықтап, сыйлық сыйлады.
Мереке барысында балалар шарлармен ойын ойнап, тәтті бәліштермен қуана уақыт өткізді.