Тараз қаласының емханаларының педагог психологтарына, әлеуметтік педагогтарына арналған семинар
2023 жылдың 26 шілде күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Асыл Мирас» аутизмі (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Аутистік спектр бұзылысы бар балаларды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында Тараз қаласының емханаларының педагог психологтарына, әлеуметтік педагогтеріне арналған семинар өтті.
Семинарда орталықтың жұмыстары көрсетілді. Балаларды оқытудың ерешеліктері мен әдістемесі туралы айтылып, шебер сыныптар көрсетілді. Сонымен қатар қатысушылармен тренингтер жүргізілді.