Ата-аналармен жұмыс бойынша мамандарға арналған тренинг басталды

  • 27.07.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 139

2023 жылдың 26 шілде күні Болат Өтемұратов қорының ұйымдастыруымен ата-аналармен жұмыс бойынша тренинг басталды. Бұл іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен жиналған «Асыл мирас» ұйымдарының мамандары қатысып отыр.
 
Тренингтің бірінші күні танысу, топтарда жұмыс істеу ережелері және әдістемелер туралы айтылды. Сонымен қатар Адлер теориясының негізгі түсініктері бойынша мәліметтер беріліп, содан соң мамандар арасында тәжірибелік сабақтар жүргізілді. 
 
Ал, екінші күні 27 шілдеде мамандар балалық шақ туралы естеліктер теориясын, баланың дұрыс емес мінез-құлқы және одан шығу жолдарын және тәрбие әдістерін игеріп, «Қауіпсіз орын» тәжірибесіне қатысты.
 
Тренингтің соңында күндер бойынша кері байланыс орнатылды.