«Зият бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында коучинг өтті

  • 08.08.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 155

2023 жылы 8 тамызда Ақмола облысы білім басқармасының «Державинск қаласы, Жарқайың ауданы, №7 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттк мекемесінде «Зият бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында коучинг өтті. Коучингке ата-аналар, қаланың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ  аудандық педиатр және Жарқайың ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің өкілдері шақырылды.
Бұл іс-шараның мақсаты – зият бұзылыстары бар балалардың ойын, танымдық, сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру ерекшеліктерімен таныстыру. Сондай-ақ қоғамда зият бұзылыстары бар балаларды әлеуметтендіру, бейімдеу және оңалту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
 Коучингті мұғалім-дефектолог, меңгеруші Саденова Сәуле Әлімханқызы өткізді.