«Med-EL-мен бірге ән айт» музыкалық жобасы аясында Қамажай халық әніне бейнебаян түсірілді
Біздің орталығымыздың кішкентай тәрбиеленушілерімен «Med-EL-мен бірге ән айт» музыкалық жоба аясында «Қамажай» Қазақтың Халық әніне бейнебаян түсірілді. Беларусь елінен келген кәсіби музыкант, білікті маман Светлана Бурностың қолдауымен керемет туынды жарыққа шығу жоспарланып отыр.
Бұл бейнебаянның негізгі мақсатының бірі кохлеарлы импланты бар балалардың музыка арқылы есту-сөйлеу қабілетін жаттықтырып, әнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру деп санауға болады.
Балалар «Med-EL-мен бірге ән айт» жобасының финалист дипломымен марапатталды.