БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ШАРА – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

  • 24.08.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 247

2023 жылдың 24 тамызы күні Қостанай қаласында Республикалық тамыз кеңесінің секциялық отырысы «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында өтті. 
 
Білім беру қызметтерінің сапасын арттырып, ұйымдар желісін кеңейту, сонымен қатар түзету-дамытушылық көмек және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, тәжірибемен алмасу және педагогтердің біліктілігін арттыру арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері қызу талқыланды.
 
Секциялық отырысқа Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, ЮНИСЕФ, өңірлердің Білім басқармаларының мамандары, барлық арнайы білім беру ұйымдарының әдіскерлері, мамандары мен меңгерушілері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 
 
Алты секциялық бағыттар бойынша спикерлер баяндамаларымен маңызды тақырыптарда сөз сөйледі. Секциялық отырыстан кейін іс-шараның қатыстушылары мен қонақтарына Қостанай қаласы бойынша экскурсия жүргізіліп, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайына барды.