Білім беру саласындағы Республикалық тамыз кеңесінің екінші күні

  • 25.08.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 208

2023 жылдың 25 тамызы Қостанай қаласында Республикалық тамыз кеңесінің екінші күні жалғасын тапты. Екінші күн бағдарламасында пленарлық отырыс жоспарланды. Сонымен қатар қонақтар мен қатысушылар арнайы білім беру ұйымдарының жетістіктері көрмесіне қатыса алды. 
Біздің орталық «e-Ымдау» ым-ишара тілі бейне сөздігін экранда таныстырды. Сондай-ақ есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған барлық арнайы мекемелерге «e-Ымдау» ым-ишара тілі бейне сөздігі таратылды. 
Орталық атынан көрме ұйымдастырылып, әдістемелік көмек, Брайль оқулықтары, «Арнайы мектептердегі оқу-тәрбие барысында Е-Ымдау ым-ишара тілінің бейне сөздігін қолдану» әдістемелік ұсынымдар көрмеге қойылды. Сонымен қатар Қызылорда облысы, Павлодар облысы, Қостанай облысынан да көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқулықтар ұсынылды. 
Қызылорда облысы көрмеден бөлек арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту туралы бейнеролик ұсынды.
Бесінші суреттен Қызылорда облысының көрмесін, алтыншы суреттен Павлодар облысының және соңғы суретте Қостанай облысының көрмелерін көруге болады.