Арнайы мектептердің орынбасарлары мен мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

  • 28.08.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 191

АИБД ҰҒПО РММ-де 21 тамыздан бастап «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында зият бұзылыстары бар білім алушыларға арналған арнайы мектепте білім беру үдерісін жобалау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды. Бұл бағдарламадағы біліктілігін зият бұзылыстары бар білім алушыларға арналған арнайы мектептердің орынбасарлары мен мұғалімдері арттырады.
 
Курстың мақсаты арнайы білім берудің медициналық-әлеуметтік-педагогикалық парадигмасына көшуді ескере отырып, білім беру үдерісін ұйымдастыру және мазмұны мәселелерінде арнайы мектептер директорлары орынбасарларының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.
 
Курс тыңдаушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына және арнайы білім беру саласындағы нормативтік базаға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат береді.
 
Курсқа психология ғылымдарының кандидаты, доцент АИБД ҰҒПО арнайы және инклюзивті білім беру әдістемесі және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Елисеева Ирина Геннадьевна жетекшілік етеді.
 
Сабақтар аралас режимде (онлайн-офлайн) өткізіледі.