Аймақтық жалпы білім беретін мектептердің логопедтеріне арналған курс басталды

  • 28.08.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 187

АИБД ҰҒПО РММ - де 2023 жылдың 21 тамызынан бастап «Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау бойынша логопедтің қызметі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы басталды. Курс Жалпы білім беретін мектептердің аймақтық «Инклюзивті тәжірибелерді дамыту ресурстық орталықтары» логопедтеріне арналған.
 
Бағдарлама балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындау және жалпы білім беру ұйымдары жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша логопедтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көмек көрсетуде мектептерді психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің логопедтерінің кәсіби жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді.
 
Курс кураторы психология ғылымдарының кандидаты, Диагностикалық кеңес беру бөлімінің меңгерушісі Ерсарина Алия Касымхановна.
 
Сабақтар аралас режимде (онлайн-офлайн) өткізіледі. Курсқа республиканың барлық өңірлерінен жалпы білім беретін мектептердің 25 логопедтері қатысып жатыр.