Жаңа психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды
Қазақстан Республикасының Конститутция күніне орай Қарағанды облысы, Саран қаласында №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.
№8 ППТК-да пандус, тактильді жолдар, тұтқалар, ақпараттық кестелері бар кедергісіз орта құрылды. Сонымен қатар мамандар штаты бекітіліп, керекті түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
№8 ППТК басшысы Құлмағамбетова Құралай Қалиоллақызы болып тағайындалды. Ақпарат алу үшін 8 702 657 63 44 нөміріне хабарласуға болады.
Құттықтаймыз! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!