Білім күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
2023 жылдың тамыздың 31 жұлдызында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Білім күніне орай «Жарқын болашаққа» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шарада балалар әлеуметтік ортаға бейімделіп, тақпақ, ән, би өнерлерін көрсетіп белсене қатысты. Сонымен қатар сахналық қабілеттерін көрсету арқылы қонақтар мен ата-аналарды қуантты.
Ата-аналар тарапы мекеме әкімшілігі мен педагогтеріне алғыстарын білдіріп, толағай табыстар тіледі.