Мектеп білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды
Мектеп білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған «Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау бойынша логопедтің қызметі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курстың оқу аптасы офлайн форматтағы практикалық сабақтарға толы болды.
Мектепте оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалау тәсілдері, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық жүйелеуге сәйкес логопедиялық тексеру және оқыту қиындықтарын диагностикалау, жеке-дамыту бағдарламаларын құру және оның мазмұнын әзірлеу алгоритмі пысықталды. Практикалық сабақтар топтық жұмыс, миға шабуыл интерактивті әдістерді қолдана отырып жүргізілді.
Лекторлар ұсынған құжаттама мен практикалық ұсыныстарда логопедтер мен АИБД ҰҒПО мамандарының басшылығымен еліміздің эксперименттік мектептерінің мамандары сынақтан өткізген материалдар болды.