Білім күніне орай ата аналар мен балаларға арналған іс шара өтті

  • 04.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 147

Тараз қаласының «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Асыл Мирас» Аутизмі (Аутистік спектрдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (AUTISM-орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 қыркүйек күні ата аналар мен балаларға арналған іс шара өткізді. Іс шараға сабақ кестесі бойынша келген балалар қатысты. 
 
Балалар мен ата аналар, педагогтер әнұранды айтып, түзету сабақтарында балалар «Білім күні» туралы тақпақтар айтты. Қыркүйек айынан мамыр айының соңына дейін балалар білім алулары қажет екені белгілі. 
 
Білім арқылы болашақта балалардың үлкен азамат, қазақ халқының патриоты болып өсетінін айтып, білімге деген құштарлығын оятты.