Инклюзивті ресурстық орталық бөлімінің ұйымдастыруымен «Brainstorming» өтті

  • 06.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 134

2023 жылдың 04 қыркүйегінде Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-де инклюзивті ресурстық орталық бөлімінің ұйымдастыруымен «Brainstorming» топтық шығармашылық жұмыс әдісі жүргізілді.
Кездесуге АИБД ҰҒПО ресурстық орталығының мамандары, Алматы тірек мектептерінің әдіскерлері және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Пікірталас форматында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мәселелері талқыланды. Қалалық ресурстық орталықтың қызметі туралы презентация ұсынылды. Кездесу достық жағдайда өтті.