Ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында спорттық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды

  • 07.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 94

2023 жылдың қыркүйек айының 7 жұлдызында «Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Меркі ауданының құрылуына 95 жыл толуына орай ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында  «Шынықсаң шымыр боласың» атты спорттық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.  
Спортық жарыс өткізудің басты мақсаты – балалардың салауатты өмір салтына тарту, ойынға деген қызығушылығын дамыту, денсаулығын нығайту және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Таза ауада ойнап, жүгіру баланың өсіп жетілуіне көмектеседі.