ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ «ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ» АТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

  • 11.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 185

2023 жылдың 8 тамызында Отбасы күні аясында Арқалық қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде «Отбасы – бақыт мекені» атты тренинг-іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға балалар, ата-аналар және барлық ППТК мамандары қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты отбасының құндылығын ашу, балалардың отбасы мүшелеріне деген құрметін, ата-анаға деген сүйіспеншілігін, бір-біріне деген өзара сыйластығын дамыту болып табылады.
Жылы, достық жағдайда ата-аналар бір сәт «Балаға тыйым салу» ойынына, «Ассоциация» жаттығуына, «Жан жылуы» жаттығуларына қатысып, өздерін бала сияқты сезінді. Сонымен қатар іс-шара барысында ППТК меңгерушісі ата-аналарды Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасыларының құқықтары және кепілдік берілген жеңілдіктері туралы кітапшамен таныстырды.
Іс-шараны жүргізген мамандар: Жеңіс Қ.С, Қали А.Ж, Твердохлеб Н.В, Берік А.Е.