Психологиялық–педагогикалық түзету кабинетінде 2 жетілік психологтар декадасы басталды
2023 жылдың 11 қыркүйек күні Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының «№7 Психологиялық–педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2 жетілік психологтар декадасы басталды. Декаданы мекеменің педагог- психологтары Ашимова Лаззат Амангельдинова мен Масжанова Айқын Баянбаевна «Ізгі тілектер күні» аясында «Мейірімділік менің жүрегімде» акциясымен бастады.
Іс шара барысында педагогтердің ата-аналарға деген ізгі тілектерімен басталды. Ата-аналарға «Сіз қандай ата-анасыз?» атты сұрақ-жауап ойыны өтті. Сұрақ-жауапта «Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?», «Балаңыздың сүйікті асы қандай?, «Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз айтасыз?» деген сұрақтар қойылды. Сонымен қатар «Кубик» ойынында жаттығу жасау, тілек айту, досыңды мақта, мақал айту сияқты тапсырмаларды орындады.
Ата-аналарға «Армандар орындалады» қорабы ұсынылды. Бұл қорапқа ата-аналар балаларға, мекеме педагогтеріне тілектерін жазды.