Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде психологтар декадасы жалғасуда

  • 13.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 140

2023 жылдың 13 қыркүйек күні Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының «№7 Психологиялық–педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Психологтар декадасы жалғасын тауып келеді. 
Мекеменің педагог-психологы А.Масжанова ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ «Тасбақа» тақырыбында өтті. 
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру, ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін үдерістерін және қол мен саусақ ұштарының қимылдарын және сенсомоторлық кеңістік «көз-қол» үйлесімдігін дамыту.
Дидактикалық ойындар баланың логикалық ойлауын, түстерді ажырата білу, математикалық қабілеттерін дамытады. Ашық сабаққа мекеменің жас мамандары қатысып, тәжірибе алмасып, өз пікірлерімен бөлісті.