Аутизм орталығында «Аутизм дегеніміз не?» тақырыбында семинар өтті

  • 14.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 188

2023 жылдың 13 қыркүйегінде ШҚО Білім басқармасының «Асыл Мирас» аутизмі (аутизм спектірінің бұзылуы бар) балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы)» коммуналдық мемлекетік мекемесінде «Аутизм дегеніміз не?» тақырыбында ақпараттық семинар өтті. Сонымен қатар «Асыл Мирас» аутизм орталығындағы бағдарламар мен орталыққа келу ережелері туралы жалпы мәліметтер берілді. 
Семинардың басты мақсаты – ата-аналар мен мамандарды аутизм туралы мәліметтермен таныстыру және «Асыл Мирас» аутизм орталығы жайлы ақпараттарды тарату болып табылады.
Семинар инстаграм әлеуметтік желісінде тікелей эфирде өткізілді. Семинар соңында ата-аналар өздерінің қызықтыратын сұрақтарына толық жауап алды.