Ата-аналарға арналған аутистік спектрдегі бұзылыстар туралы оқыту семинары өтті
2023 жылдың қыркүйектің 14 жұлдызында Шымкент қаласы білім басқармасының «№2 психолог-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналарға арналған офлайн форматта «АСБ туралы жалпы түсінік» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты – ата-аналарға аутистік спектрдегі бұзылыстары туралы ақпарат беру және оның ерте клиникалық белгілерін анықтау.
Семинар басында клиникалық педагог семинар жоспары бойынша толық ақпарат берді. Семинар барысында АСБ-ның ерте клиникалық белгілері, терминнің шығу тарихы, басқалармен өзара әрекеттесу мен қарым-қатынас жасау, қайталанатын (стереотипті) іс-әрекет және бірқалыпты мінез-құлық репертуары, терапия түрлері, қосалқы бұзылыстар, ата-аналарға арналған сауалнамалар және мәліметтерді талдау тақырыптары қозғалды.
Сондай-ақ ашық диалог аясында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, керекті ақпараттар алды.