Отбасы күніне орай спартакиада өтті
2023 жылдың 15 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығында «Отбасы күніне» орай «Әкем, анам және мен спорттық отбасы» атты спартакиада өтті. Мерекелік іс шараға 9 отбасы белсене қатысты.
Отбасы мүшелерімен түрлі ойындарға қатысып, бір бірімен жарысты. Іс-шара соңында орындар мен номинацияға ие болды. Сонымен қатар, отбасылар бір бірімен жақсы қарым қатынаста болу үшін тәтті бәліштер мен сусындар таратылды.