Жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр
16.09.2023
ННПЦ РСИО
181
2023 жылдың 11 қыркүйегінен бастап АИБД ҰҒПО базасында жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттеріна арналған «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагог-ассистентпен қолдау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр.
Біліктілікті арттыру курсының мақсаты тыңдаушыларды жалпы білім беретін мектепте мінез-құлығында бұзылыстары бар балаларды жеке қолдау дағдыларымен, әдіснамалық, технологиялық және әдістемелік білімдерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру инклюзивті практикасы жағдайында педагог-ассистенттің қызметтері өте маңызды – ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге білім беру үдерісіне қатысуға көмектесу, мектеп ережелерін сақтауға үйрету, құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың мінез-құлқының ерекшеліктерін реттеу.