Ата-аналарға арналған қалалық семинар-практикум өтті
2023 жылдың 15 қыркүйек күні «Астана қаласы әкімдігінің «№1 Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы қала әкімдігінің «Әдістемелік орталығымен» бірлесе отырып, АСБ бар балалардың ата-аналарына арналған «Аутизм спектрінің бұзылысы бар балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға ерекше қолдау көрсету» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - ата-аналарға жағымсыз мінез-құлық себептерін анықтау және дұрыс әрекет етудің маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ ата-аналарға диагнозды қабылдау тәсілдері туралы ақпарат берілді және шақырылған аутистік спектрдегі бұзылыстары бар жасөспірім балалардың ата-аналары жеке тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.
Қосымша шақырылған қонақтар:
Абдибаитова Алия Османкуловна, «Ерекше Бақыт» қоғамдық қорының директоры (бірлескен құрылтайшы), аутистік спектрдегі бұзылыстары бар жасөспірімнің анасы, экономика ғылымдарының магистрі, психолог, «Ерекше бақыт» кітабының авторы.
Ордабай Светлана Валерьевна, Заң ғылымдарының магистрі, «Ерекше Бақыт» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, аутистік спектрдегі бұзылыстары бар жасөспірімнің анасы.