Психологтар декадасы психологиялық тренингпен жалғасты

  • 19.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 105

Психологтар декадасында Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының «№7 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мұғалім мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі» атты психологиялық тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты: ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Тренингте ерекше «Амандасу» жаттығуын орындап, «Дене мүшелер биі» яғни, саусақ биі, қолдар биі, бас биі, иықтар биі, ішімізбен билейміз және аяқтар биін биледі.
«Түсін мені»  эмоциялық ойындары, «Ерте, ерте, ертеде ертегі» ойындары, аяқталмаған мақал – мәтелдерді аяқтау сияқты қызықты ойындар мен логикалық сұрақтар ойнатылды. 
Тренингті әріптестерге мықты денсаулық тілеп, жылы сөздер айтып, қайырымды болайық деген жылы лебізбен аяқтады.