Ата-аналарға арналған оқыту семинары өтті

  • 21.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 149

023 жылдың 21 қыркүйегінде Шымкент қаласы білім басқармасының «№2 психолог-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде офлайн форматта ата-аналарға арналған «АВА ғылым ретінде және аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды оңалту әдісі ретінде» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты – ата-аналарға АВА ғылымы туралы ақпарат беру, шығу тарихы мен АСБ бар балаларды оңалтуда қолданылуы туралы таныстыру. 
Семинар барысында АВА ғылымының қалыптасуы, қолдану аясы мен оның тиімділігі, АСБ бар балаларды түзетуде АВА-ны қолдану тақырыптары қозғалды. Ашық диалог айдарында ата-аналар сұрақтарын қойды.