Мамандармен білім алмасу семинары өтті

  • 22.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 117

2023 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы қаласы Білім басқармасының «Наурызбай ауданының ППТК» КММ-де Атырау қаласынан келген мамандармен білім алмасу семинары өтті. 
      
       Мақсаты: Мамандарға  педагогикалық-психологиялық  түзеу  кабинеті туралы  түсінік қалыптастыру, педагогикалық -психологиялық  түзеу  кабинеті  ұжымының  балалармен  тәрбие-білім  беру  жұмысының  барлық  түрлерін  көрсету, келген  мамандармен  әріптестік  қарым-қатынас  ортану.
 
Семинар барысында ППТК қызметімен таныстыру экскурсия, педагог-психологтың тренингі, мұғалім-логопед маманының баланы тексеру сабағы, ЕДШ нұсқаушының кеңесі, педагог-психолог маманының баламен жұмысы кеңестер, әңгіме жүргізілді.