Жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды
2023 жылдың 21 қыркүйек күні АИБД ҰҒПО-да жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курс барысында тыңдаушылар педагог-ассистент қызметінің негізгі бағыттары мен принциптерімен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері мен әдістерімен танысты.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың құжаттамасын зерттеді. Іс жүзінде оқушының даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін терең зерттеу әдістері, мінез-құлығында бұзылыстары бар оқушылармен жеке және сабақ өткізу әдістері пысықталды.
Курста негізгі тәжірибелі оқытушылар орталық директоры А. М. Кудеринова, курс кураторы психолог-педагог, ресурстық орталығының меңгерушісі, жас ғылыми қызметкер (MS), мінез-құлық талдаушысы Е.В. Егорова, диагностикалық кеңес беру бөлімінің меңгерушісі психология ғылымдарының кандидаты А. К. Ерсарина дәріс оқыды.
Курс қатысушылары балаларға көмек көрсетуге бағытталған алған білімдері үшін алғыстарын білдірді.