Областық деңгейде педагог-ассистенттерге шебер-сағаты өткізілді
2023 жылдың қыркүйек айының 22 жұлдызында Ақтөбе облысының Білім басқармасының «Асыл Мирас» аутизмі бар (аутистік спектрдің бұзылуларымен) балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы)» КММ-де «Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалармен түзету жұмыстарының мазмұны мен әдістері» атты облыстық деңгейде педагог-ассистенттерге шеберлік сағаты өткізілді.
Шеберлік сағаттың мақсаты - мамандарды аутистік спектрдегі бұзылыстары бар баламен түзету жүргізу әдістерімен таныстыру, мінез-құлығында қиындықтары бар балаларға тиімді әсер ету әдістерін көрсету болып табылады. Іс-шараға жалпы 28 қатысушы қатысты.
Шебер-класста педагогтер түзету жұмысы барысында қолданылатын озық әдістермен бөлісіп, мінез-құлық қиындықтары бар балалармен жұмысты іс-тәжірибеде көрсетті.