Психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінде Дефектологтар декадасы басталды

  • 25.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 165

2023 жылдың 25 қыркүйек күні  «№7 Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де  Дефектологтар декадасы басталды. Дефектологтар декадасы  қыркүйек айының 25 мен қазан айының 06 дейін жалғасын табады. 
Мақсаты: Педагог-дефектолог қызметінің жұмысын насихаттау, мекеме ұжымының  ауызбіршілігін қалыптастыру, ата-аналар мен оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру. 
Ең алдымен  мекеме директорының міндетін атқарушы А.Б. Масжанова апталықтың ашылу салтанатын өткізді. Декаданың алғашқы күні «Түрлі түсті күн» деп аталды, бұл күннің  ұраны: «Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!». 
Дефектолог мамандары (7 түсті Люшер тестінің түстері арқылы)  ата-аналармен және балалармен «Көңіл – күй диагностикасы» атты тест  өткізіп, (сенсорлы жолақ арқылы) «Балаңыздың бойындағы жақсы қасиет» атты тренинг ұйымдастырды. Сонымен қатар «Дефектолог таңғажайып мамандық» атты  ата-аналарға арналған түсіндірме жұмысын жүргізді  және «День воздушных шариков»  тақырыбында дидактикалық ойын  өткізді.