Астана қаласында V Халықаралық конференция өтіп жатыр
2023 жылдың 26 қыркүйек күні Астана қаласында Болат Өтемұратов Қоры ұйымдастыруымен «Аутизм. Баршамызға бір әлем» тақырыбында V Халықаралық конференция өтіп жатыр.
Бұл конференция аутизмге қатысты өзекті мәселелер мен сұрақтарды талқылауға, сондай-ақ аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалардың ата-аналарымен (АСБ) және балаларымен жұмыс істеуде жаңа шешімдер мен стратегияларды ұсыну үшін әртүрлі салалардағы сарапшыларды, мамандарды және мүдделі тараптарды біріктіруге арналған.