Дефектологтар декадасының екінші күні өтуде
2023 жылдың қыркүйек айының 26 жұлдызында «№7 Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де «Дефектологтар» декадасының жоспарына сәйкес екінші күн «Бақытты күн» деп аталды.
Ұраны: «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы». Декада басталмас бұрын ата-аналарға фотосуреттер сайысы туралы ақпарат берілді. Жиналған суреттердің ішінен ең тартымды, эстетикалық талапқа сай суреттер таңдалып, «Әдемі жүр, сыпайы күл!» тақырыбында фотосуреттер көрмесі жасалды.
Дефектолог маманы А.Ж. Қосбармақова «Гипербелсенділікті қалай жеңуге болады?» тақырыбында ата-аналарға ақпаратымен бөлісті.