Орталыққа Өзбекстан мемлекетінен делегация келді

  • 27.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 195

2023 жылдың 27 қыркүйек күні Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығына Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласынан Республикалық балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Алимова Василя Саттаровна және психолог, Алматы қаласындағы "Қор" практикалық психология және психотерапия орталығының директоры Терентьева Ирина Борисовна келді. 
 
Республикалық балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының негізгі қызметі-әлеуметтік осал балалар мен олардың ата-аналарына кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек және консультациялық-заңгерлік көмек көрсету.
 
Келген қонақтарымызға тәжірибемен бөлісу өте маңызды, бұл өзара ашық әрекеттесуге және арнайы және инклюзивті білім беру саласының дамуына берік байланыстар жасауға итермелейді.