Ата-аналарға арналған оқыту семинары өтті
2023 жылдың 28 қыркүйек күні Шымкент қаласы Білім басқармасының «№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде офлайн форматта ата-аналарға арналған «Мінез-құлық және мінез-құлық функциялары» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты – ата-аналарға Қолданбалы мінез-құлық туралы ақпарат беру, мінез-құлықтың функциялары, мінез-құлықтың компоненттерімен таныстыру.
Семинар барысында «Мінез-құлықтың түрлері», «Жағымды және жағымсыз мінез-құлықтың айырмашылықтары» тақырыптары қозғалды.
Семинарда клиникалық педагогтер семинар жоспары бойынша толық ақпарат берді. Ашық диалог барысында ата-аналар сұрақтарын қойды.