Астанада екі күндік практикалық семинар-тренинг өтіп жатыр
2023 жылдың 28 қыркүйек күні Астана қаласында «ABLLS-R сөйлеу және үйренудің негізгі дағдыларын бағалау әдістемесінің» қазақ тіліндегі тұсаукесері және «Болашақ» қоры ұйымдастырған практикалық тренинг өтті.
Арқалық қ. психологиялық - педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Капсемет Рита Мидехатовна, Қостанай облысы Наурызым ауданы ППТК меңгерушісі Жанузакова Гүлмира Қуанышпайқызы, сондай-ақ Наурызым ауданы ППТК дефектологы осы тренингке қатысып, ABLLS-R көмегімен балалармен тиімді жұмыс істеу үшін қажетті практикалық дағдылар мен ұсынымдар алды.
Бұл әдістеме АСД бар балаларда тілдік және оқу дағдыларының дамуын бағалау мен бақылаудың жан-жақты жүйесі болып табылады, сондай-ақ жеке оқыту бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге мүмкіндік береді.