Қазақстанға алғаш рет сарапшы Мазурова Надежда Владимировна келді
28-29 қыркүйек күндері Қазақстанда алғаш рет психология ғылымдарының докторы, Мәскеу психоанализ институтының профессоры, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің отбасы және балалық шақ психологиясы кафедрасының профессоры, сондай - ақ HBSC бағдарламасында ДДҰ отбасы мәселелері жөніндегі сарапшысы Надежда Владимировна Мазурованың дәрісі оқытылады.
Дәрістің тақырыбы «Дамудың бұзылуы: себептері, диагностикасы, болжамдары, түзетудің тиімді бағыттары» болып табылады.
Дәріс мамандарға (логопедтерге, дефектологтарға, психологтарға, тәрбиешілерге, арнайы мектептердің, білім беру сыныптарының мұғалімдеріне, оңалту орталықтарға, медициналық-әлеуметтік мекемелерге, ППТК, ПМПК, ресурстық орталықтарға, инклюзия кабинеттеріне, білім беру орталықтарына), ҮЕҰ мамандары мен ата-аналарға арналған.
Бұл оқытуды «LS DAMU» ҚҚ «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.