8 қалалық білім беру мекемелерінің арнайы мамандарына арналған семинар өтті
2023 жылдың 2 қазан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Асыл Мирас» аутизмі (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды ерте жастан анықтау және түзеу» тақырыбында 8 қалалық білім беру мекемелерінің арнайы мамандарына арналған семинар өтті.
Семинарға барлығы 20 арнайы маман қатысты. Семинар барысында «ADOS-2» әдістемесі жүргізіліп, ерте жастан дамыту бағдарламасының мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, көрсетілді.
Сонымен қатар, педагогтер «Өмірлік дағдыларды дамыту», «Оқу дағдыларын дамыту» бағдарламалары туралы өздерінің іс тәжірибелерімен бөлісті.