Ұстаздар күніне орай орталық ұжымына арналған тимбилдинг

  • 09.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 127

Демалыс күні тауда орталықтың ұжымымен «Мұғалімнің кәсіби жануының алдын алу» тақырыбында тимбилдинг өтті. Тимбилдинг бағдарламасы бойынша тас қамалға бару, монастырға көтерілу, бөлімнен ең жақсы ән байқауы, одан басқа ұжымға арналған әртүрлі қызықты ойындар мен серуендер ұйымдастырылды.
 
Тимдилдингтің басты мақсаты ұжымның мотивациясын арттыруға, қарым-қатынасты жақсартуға, сонымен қатар ұжымда идеялар мен инновацияларды ынталандыруға, корпоративтік рухты нығайтуға, жеке қасиеттерді дамытуға бағытталды.
 
Ұжымның тек жұмыс қана емес демалуға да назарын аудару маңызды, себебі тауға шығу ұжымның шыдамдылығын, бірлігін және ұйымшылдығын дамытады. Осындай іс-шаралар ұжымды бір серпіп, шабыттандырып, керемет көңіл-күйді сыйлайды.