Ата-аналарға арналған офлайн форматта оқыту семинары өтті

  • 09.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 163

2023 жылдың 9 қазаны күні Шымкент қаласы Білім басқармасының «№2 психолог-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де офлайн форматта ата-аналарға арналған «Ынталандыруды қолдану әдістемесі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
 
✏Семинардың мақсаты – ата-аналарға «Ынталандыруды қолдану әдістемесі және Жетон жүйесі» туралы ақпарат беру және тәжірибеде қолдануды үйрету.
 
▫Семинар барысында ынталандыру процессі, ынталандыру классификациясы, ынталандырудың фунциясы, ынталандыруды тиімді бағалаудың тәсілдері, жетон жүйесі, сауалнамалар, мәліметтерді талдау тақырыптары қозғалды.
Ашық диалог барысында ата-аналар сұрақтарына толық жауаптар ала алды. Семинар соңында клиникалық педагогтер ата-аналар балалармен үйде өз бетінше жұмыс жасау үшін ынталандыруды қолданудың оқыту кезеңдерін көрсетті.