Нейроойындар мен жаттығулар туралы ашық сабақ өтті
11.10.2023ж. Көкшетау қаласының №10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде педагог-психолог Т. К. Сейтикова «Нейроойындар мен жаттығулар ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету жұмыстарын оңтайландыру құралы ретінде» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін баланың психикалық белсенділігін арттыру, мидың жарты шар аралық өзара әрекеттесуін синхрондау, нейропсихологиялық жаттығулар арқылы еріктілік пен өзін-өзі реттеуді дамыту болды.