Ата-аналарға арналған семинар-тренинг өтті
12 қазан күні БҚО әкімдігі Білім басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы (аутизм спектрінің бұзылуы)» КММ-де «Үй жағдайында АСБ бар балаларды дамытудағы әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарды жүргізген олигофренопедагог Г.С. Балмулдина.
Семинардың мақсаты – аутизмі бар отбасындағы қиындықтар мен қысымшылықты азайту, өмір сапасы мен функционалды тәуелсіздігін арттырту. Бұл семинарда ата-аналар тәжірибелі мамандардан пайдалы ұсыныстар алды.