Есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар музыка әлемімен танысты

  • 16.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 168

13 қазан күні АИБД ҰҒПО-да «Музыка әлемімен танысу» тақырыбында есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған ашық сабақ өткізілді. 
Ашық сабақтың мақсаты - қазақ  халық музыкасымен және аспаппен таныстыру, дыбыстарды ажырата білуге қызығушылығын ояту. Балалар ашық сабақта Домбыра аспабымен танысты. Осы шараға волонтерлық көмек ретінде шақырылған кәсіби музыкант домбырашы Шнаров Азамат келіп, өз өнерін паш етті. Сонымен қатар осы іс-шараға музыкант, педагог Жұрбай Ақайша да өз үлесін қосты. 
Балалар ашық сабақта домбырашы Азамат Шнаровтың өнеріне тәнті болып, әуенді қызыға тыңдады.