ПМПК меңгерушілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

  • 19.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 147

19.10.2023 ж. Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Әлеуметтік-педагогикалық моделі жағдайындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметі» тақырыбы бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың меңгерушілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курсқа республиканың барлық өңірлерінен келген ПМПК-ның 25 басшылары қатысты.
Соңғы оқу аптасы барысында тыңдаушылар инклюзивті білім беру жүйесіндегі ПМПК қызметінің басым бағыттары мен қағидаттарын проблемаларды бағалауға және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көмек көрсетуге әлеуметтік-педагогикалық көзқарас негізінде анықтады.
Әлеуметтік-педагогикалық моделі негізінде ерте, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ аутизмі бар балаларды тексеру және оларға кеңес беру бағдарламаларын (алгоритмдерін) меңгерді. Курс тыңдаушылары балаларға көмек көрсету үшін алған білімдері мен дағдыларын жүзеге асыруға белсенді ұмтылыстарын білдірді. 
Сәттілік!