Арнайы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр

  • 16.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 102

16 қазаннан бастап АИБД ҰҒПО РММ арнайы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Арнайы білім беру ұйымдарында менеджментті дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр.
Курстардың мақсаты – арнайы білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру және қойылған мақсаттарға оңтайлы қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім беру менеджменті саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Оқытудың бірінші аптасындағы сабақтар келесі тақырыптарды қамтиды: 
- тыңдаушыларды білім беруді дамытудың заманауи стратегиясымен таныстыру және білім беру жүйесіндегі арнайы білім беру ұйымдарының рөлі;
- арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық және отандық заңнамалық базаға шолу;
- білім берудегі менеджмент негіздері;
- қызметкерлерді басқару механизмін қарастыру, ұжыммен және ата-аналармен өзара әрекеттесу.