Мамандармен кезекті тәжірбие алмасу жұмысы жүргізілді
19.10.2023ж. «Мәртөк ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де «Асыл Мирас» аутизмі бар (аутистік спектордың бұзылуларымен) балаларды қолдау орталығының мамандарымен кезекті тәжірбие алмасу жұмысы жүргізілді.
Мақсаты – педагогтердің практикалық дағдыларын дамыту, тәжірбие алмасу барысында дамуында ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыста оң нәтижеге жету жолдарында әртүрлі формалар мен әдістерді қолдану.
Сондай-ақ, мамандар балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету тәсілдері мен әдістерін талқылады.