Офлайн форматта ата-аналарға арналған оқыту семинары өтті

  • 19.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 195

19.10.2023ж. Шымкент қаласы Білім басқармасының «№2 психолог-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де ата-аналарға арналған офлайн форматта «Баламен дұрыс жұмыс жасау» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты – ата-аналарға балалармен дұрыс және нәтижелі жұмыс жасау үшін ақпарат беру. 
Семинар барысында келесі тақырыптар қозғалды: 
- ынталандыру, жаңа дағдыларды қалыптастыру
- нұсқауларды қалай дұрыс беру керек
- жағымсыз мінез құлықты болдырмау, анықтама және кеңестер түрлері.
Семинарда клиникалық педагог семинар жоспары бойынша толық ақпарат берді. Ашық диалогта ата-аналар сұрақтарын қойып, сондай-ақ сұрақтарына сәйкес толық және нақты жауап алды.