Қазақстан Республикасы күніне арналған тақырыптық топтық сабақ өтті
20.10.2023ж. Алматы қаласы Білім басқармасының «№2 Алмалы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ қабырғасында Қазақстан Республикасы күніне арналған тақырыптық топтық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты – өз Республикасына және өз халқына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, туған жердің құндылығы мен сұлулығы туралы түсінігін кеңейту, ізденімпаздық пен байқағыштықты дамыту, өз Отанына, өз халқына деген патриоттық сезімдерді, туған өлкенің табиғатына қамқор және ұқыпты қарауға тәрбиелеу.