«Шығармашылық күз» көрмесіне қолөнер
2023 жылдың 16-23 қазан аралығында Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы №10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де педагогтер балалармен бірлесіп «Шығармашылық күз» көрмесіне қолөнер бұйымдарын істеді.
Көрменің мақсаты – балалармен бірлескен шығармашылыққа баулу, күзгі кезеңде түзету кабинетінің ішін безендіру.
Міндеттері – табиғатқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті, оған ұқыпты қарауды, көркемдік талғамды дамыту.